Жиында аулаларды абаттандыру, асфальт төсеу секілді мәселелер көтерілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Кездесуге 19-20 шағынаудандар мен Солнечный, Северный, Борки аудандарындағы пәтер иелері кооперативтері мен бірлестік төрағалары қатысты.
Қала басшысы кез келген жұмысты тұрғындардың келісімінен кейін ғана атқару қажеттігіне тоқталды. Осыған орай, төрағаларды белсенді болуға шақырып, аулаларды абаттандыру жұмыстарынан тыс қалмай, бірге жұмыс істеуге шақырды.