СҚО-да оқу орындарының терроризмге қарсы қорғалуын тексерілді

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да оқу орындарының терроризмге қарсы қорғалуы тексерілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жаңа оқу жылы қарсаңында СҚО полицейлері мектептер мен колледждермен күшейтілген жұмыс жүргізуде. Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері орта, арнаулы орта және жоғары білім беру мекемелерінің терроризмге қарсы қорғалуын тексеруде. Облыста олардың саны 276.

Басты назарға бейнебақылау жүйелері, «дабыл түймелері», сондай-ақ күзет және өрт сигнализациясы жабдықтары алынып, оқытушылар құрамы мен техникалық персоналдың террористік сипаттағы қауіп-қатер кезіндегі бастапқы іс-қимылдар туралы теориялық білімдері тексерілді. Бұдан кейін полиция мұғалімдерге дағдарыс жағдайындағы әрекеттер бойынша әдістемелік нұсқаулар берді. Жарылғыш құрылғыларға ұқсас заттар табылып, терроризм актісі туралы қоңырау түскен кезде полиция оқиға орнына дереу келетінін жеткізді.

— Оқушылардың қауіпсіздігі бойынша сабақтар оқу кезеңі бойы тұрақты негізде өткізіледі. Экстремизмге қарсы іс-қимыл бағыты бойынша сабақтар барысында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға, экстремистік ағымдарды насихаттау алдында тұрақтылықты дамытуға баса назар аударылады. Өскелең ұрпақтың қорғалуы-полиция жұмысының басты басымдықтарының бірі, — дейді СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Алмас Шытқанов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz