СҚО экологтары ауада улы газдың жайылуына қатысты түсініктеме берді

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда әлеуметтік желі қолданушылары атмосфералық ауаның жағдайы туралы телефон қосымшасының скриншотын жасап, ауада әлдебір улы заттарға алаңдаушылық білдірді. Бұл жағдайға экология департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желі пайдаланушылары ауаның жай-күйіне алаңдап, улы газдың жиналуына не себеп болғанын анықтауды сұрады. Бұған жауап ретінде экологтар дүрбелеңге ешқандай себеп жоқ деп сендірді.
Ведомствоның ақпараты бойынша, нормативтерге сәйкес көміртегі оксидінің шекті рұқсат етілген концентрациясының (ШЖК) шамасы 5 мг/м3 немесе 5000 мкг/м3 құрайды. Көрсетілген концентрация — 1132 мкг/м3, немесе 1,132 мг/м3-ШЖК нормадан аспайды.

— Атмосфералық ауадағы көміртегі оксиді концентрациясының шамалы артуына қалда солтүстікке соғатын желдің бәсеңдігі ықпал етті. Департамент мамандары бүгін 2- ЖЭО санитарлық-қорғау аймағының шекарасында атмосфералық ауаға өлшеу жүргізді. Нормадан ытс жағдай анықталған жоқ, -деп хабарлады баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz