СҚО әкімі Құмар Ақсақалов пен Қазақстан Республикасы «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы Райымбек Баталов жергілікті бизнестің проблемалық сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Құрылысшылар қауымдастығының төрағасы Сергей Тимофеев кәсіпкерлер атынан Петропавл 2-ЖЭО-дағы жағдай туралы сұрады.
— Бұл мәселе апат болған сәттен бастап бақылауға алынды. Бүгінгі таңда жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. 2-ЖЭО-дағы 12 қазандықтың 11-і жылу беру кезеңінде жұмыс істейді. Осы маусымда күрделі жөндеуді жоспарламаған көптеген қазандықтар ретке келтірілді. Меншік иелері 17 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлді. Ешқандай мәселе туындамайтынына сенім бар. Қазандықтар екі мұржаға қосылды. Газ құбырларының құрылысы жүріп жатыр. Бірінші мұржа толығымен бұзылып, №2 және №3 орнына жаңасы салынады. Екінші мұржаның да ескіргенін айта кеткен жөн. Ол бір-екі жыл жұмыс істеп кейін бөлшектелінеді, — деді Құмар Ақсақалов.
Фото Qyzyljarnews.kz / Талғат Тәнібаев