Бүгін елордада Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт жамағатқа есігін айқара ашты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Нысанның құрылысы осыдан үш жыл бұрын басталған. Мешіт орналасқан жер учаскесінің алаңы – 10 гектар. Мешітте бір уақытта 235 мың адам құлшылық жасай алады. Яғни сыртындағы ашық алаңда 200 мың, ал мешіт ішінде 35000 адам намаз оқуға мүмкіндік бар, ерлерге арналған орында 30 мың адам, әйелдерге арналған орында 5 мың адам намаз оқи алады. Әлем бойынша ең алып кілем мен аспашам және ең биік есік орналасқан. Сыйымдылығы бойынша әлемдегі он үлкен мешіттің қатарына енді. Күмбездің биіктігі 83 метр. 4 мұнарасы 130 метрден асады. Мұнараға шығып елорданы тамашалауға мүмкіндік бар.
Ашық көздерден алынған сурет