СҚО-да полицей көлігі сынып, жолда қалыған қостанайлықтарға көмек көрсетті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Тамыздың 11-і күні сағат жетіде Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Чернобаевка ауылының маңында 56 жастағы қостанайлықтың көлігі сынып, отбасымен бірге жолда қалған. Жергілікті тұрғындардан жәрдем сұрау үшін жақын маңдағы ауылға аттанған ол, жол жиегінде тұрған полиция көлігін көріп, учаскелік инспектор Мақсат Кикбаевты жолықтырған.
– Шамамен бір сағат бойы тас жолда өтіп бара жатқан көліктерден көмек сұрап тұрдым. Ешкім тоқтамаған соң, жақын маңдағы ауылға жаяу жеткенде жол жиегінде тұрған учаскелік инспекторды кездестіріп қалдым. Ол болса жағдайды сұрап бірден өз еркімен көмек қолын соза кетті. Уақыттың кеш болғанына қарамастан ол, қажетті қосалқы бөлшектерді іздестіріп, көлік ақауларын жөндеу үшін слесарь Евгений Сандерсті өзімен бірге ертіп әкелді. Рузаев ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторына көрсеткен көмегі үшін алғысымды білдіргім келеді, — деп жазды зейнеткер.
— Құқықтық тәртіпті сақтау, азаматтардың заңды мүддесін қорғау, қиын жағдайда адамдарға көмектесу — әрбір полицейдің міндеті. Автокөлік жүргізушілеріне алыс сапарларды мұқият жоспарлауды, өзімен бірге мобильді құрылғыларды алып жүріп, жолға шығар алдында көліктің техникалық жарамдылығына көз жеткізуі қажет екенін ескертеміз, — дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы Ғабит Мүсірепова Марат Әлжанов.