Өткен тәулікте Қазақстанда 1239 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Қазақстанда коронавирусты таратпау жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналына сілтеме жасай отырып.
Өткен тәулікте Нұр-сұлтан қаласында – 233, Алматы қаласында – 145, Шымкент қаласында – 17, Абай облысында – 17, Ақмола облысында – 83, Ақтөбе облысында – 50, Алматы облысында – 9, Жетісу облысында – 19, Атырау облысында – 33, ШҚО – 16, Жамбыл облысында – 24, БҚО – да – 84, Қарағанды облысында – 186, Қостанай облысында – 94, Қызылорда облысында – 20, Маңғыстау облысында – 26, Павлодар облысында-81, СҚО-да-74, Түркістан облысында –10, Ұлытау облысында – 18 адамның ауырғаны расталды.