Қазақстандық оқушылар Индонезияда өткен информатика пәні бойынша халықаралық олимпиадада (IOI) 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қазақстан атынан беделді олимпиадаға 4 оқушы қатысты. Олардың барлығы әлемнің 90-ға жуық елінен 350-ден астам қатысушымен жарысып, жүлделі орындарға ие болды. Оралдық Жамбыл Мақсотов пен семейлік Мухаммадариф Сахмолдин күміс медаль иеленсе, алматылық Ван Ли Мен Таймас Қорғанбаев қола медальға қол жеткізді.
Биыл алғаш рет Қазақстан Республикасы Президентінің қолдауының арқасында халықаралық жарыстардың жеңімпаздары 4,5 млн теңгеге дейін қомақты ақшалай сыйлыққа және ҰБТ тапсырмай ЖОО-да оқуға грантқа ие болады.