СҚО-да алаяқ өзін полиция бастығының орынбасары ретінде таныстырған

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаровтың жеке деректерін пайдалана отырып жасалған интернет-алаяқтық анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Полиция ведомствосының баспасөз қызметінің мәліметінше, алаяқ Мағжан Жұмабаев ауданының тұрғынына қоңырау шалып, өзін Руслан Назаровпын деп таныстырған. Ер адам қоңырау шалушыға сенбей, әңгімені жазып алып, оқиға туралы полицияға хабарлады.

— Мұндай жағдайлар сирек емес. Алаяқтар адамға психологиялық қысым көрсетуге тырысып, оны ойлануға уақыт қалдырмау үшін асықтырады. Криминалдық полиция қызметкерлері адамдарға осындай мақсатта телефон шалмайтынын есте сақтаған жөн. Олардың жұмысы тек куәгер немесе күдікті ретінде адамнан жауап алу, — дейді Руслан Назаров.

Жалпы, СҚО-да 7 айда 464 интернет-алаяқтық тіркеліп, оның 129-ы «банктен қоңырау» схемасы бойынша анықталғанын айта кеткен жөн.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz