СҚО-да өрт сөндірушілер 41 жастағы ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт таңғы сағат бес шамасында Пресновка ауылындағы жеке үйде болған. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілерге көршілері үйде адам болуы мүмкін екенін хабарлаған.
— Түтін жайылып, ауладағы жаппа мен үйдің шатыры өртеніп жатқан. Құтқарушылар үйден 41 жастағы адамды алып шықты. Бүгінде ер адам ауруханада ем алуда, оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ,-деп хабарлады баспасөз қызметі.
Өрт сөндірушілер үйден газ баллонын шығарып, жарылыстың алдын алды. Өрт электр сымдарының тұйықталуынан болуы мүмкін деген болжам бар.
Pecels иллюстрациялық суреті