СҚО-да 6 мың жас жұмысқа орналастырылады

Авторы: Qyzyljar News

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов әлеуметтік желідегі парақшасында жыл соңына дейін өңірде 6 мың жас жұмысқа орналасатынын жазды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыс әкімінің айтуынша, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеновамен кездесуде солтүстікқазақстандықтардың табысын арттыру және жұмыспен қамту мәселесі талқыланды.

— Биыл 13 мың жұмыс орнын құруды жоспарлап отырмыз. Қазірдің өзінде 11 мың жұмыс орнын аштық, оның 72 % – тұрақты жұмыс орындары. Жастарды жұмысқа орналастыру «Алғашқы жұмыс орны», «Жастар практикасы» және «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары бойынша жүзеге асырылады. Жыл басынан бері 3,5 мыңнан астам жас жұмысқа орналастырылса, жыл соңына дейін Кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы бойынша 6 мың адам жұмысқа орналасады. Қаржыландыру төрт есе яғни, 1,4-тен 6 миллиард теңгеге дейін ұлғайды, — деп хабарлады Құмар Ақсақалов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz