Петропавлда сот ғимаратына жарылғыш зат қойылды деген хабар түскен

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлдағы №2 қалалық сотына бомба қойылғандығы туралы хабар арнайы қызметтерді әбігерге салды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облыстық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 10:30 шамасында Петропавлдағы Брусиловский көшесі, 60 мекен жайындағы №2 соттың ғимаратына жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабар түскен.

-Оқиға орнына жеткен Петропавл қалалық полиция басқармасынһның жедел тергеу тобы және облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері сағат 10:30-да №2 қалалық соттың және осы ғимаратта отырған мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың судьялары мен қызметкерлерін қауіпсіз жерге эвакуациялады. Ғимаратты тексеру кезінде полиция қызметкерлері жарылғыш затты таппады, — делінген хабарламада.

Сот ғимаратын тексеру жұмыстары сағат 11:20-да толық аяқталып, соттардың қызметкерлері жұмыс орындарына қайтып оралды.

Pixels иллюстрациялық суреті

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz