СҚО-да велосипедшіні қағып кеткен жүргізуші оқиға орнынан ізін суытқан

Авторы: Qyzyljar News

7 тамызда «Қостанай – Мамлютка» автожолында Мамлютка қаласынан 3 шақырым жерде Воскресеновка ауылының 51 жастағы тұрғынының денесі табылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 4 тамызда полиция қызметкерлері 1977 жылы туған Петропавл қаласының тұрғыны «Қостанай-Мамлютка» автожолында велосипедшіні қағып кеткенін анықтады. Қаза тапқан ер адамның денесі үш күн бойы жол жиегінде жатқан. Мамлют аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жасырынып жүрген күдіктіні ұстады. Ол Петропавл қаласының 45 жастағы тұрғыны, «УАЗ» автокөлігінің жүргізушісі болып шықты.

Аталған факті Қазақстан Республикасы ҚК 345 және 347-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторында қамалды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Олардың нәтижесі бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz