СҚО тұрғындары өлімінің негізгі себептері анықталды

Авторы: Qyzyljar News

СҚО – да бірінші жартыжылдықта 2 874 адам дүниеге келіп, 3 320 адам қайтыс болған. Мұндай мәліметтерді Ұлттық статистика бюросының департаменті келтіреді, деп хабарлайды Qyzyjarnews.kz тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, жаңа туған нәрестелер арасында 1455 ұл және 1419 қыз бар. Балалардың 43% жуығы Петропавлда дүниеге келсе, бала туудың ең жоғары коэффициенті облыс аудандарының ішінде Уәлиханов, Ақжар және Жамбыл аудандарына тиесілі. Ал, облыс бойынша ең төменгі көрсеткіш – Қызылжар, Аққайың және Мамлют аудандарында.

Қайтыс болғандардың басым бөлігі, яғни шамамен 16%-ы тыныс алу органдарының аурыларынан өлген. Қан айналымы жүйесінің ауруларынан – 15%, ас қорыту органдарының ауруларынан– 9%, ісіктерден – 7%, жазатайым оқиғалар, улану және жарақаттардан – шамамен 7% өлген.

Екінші тоқсанда облыс бойынша 1 519 неке тіркелсе, азаматтық хал актілерін тіркеу органдарының деректері бойынша, соттардың некені бұзу туралы шешімдерін есепке алмағанда 323 жұп ажырасқан.
Бірінші шілдеде өңір халқының саны 534 мың, оның ішінде қалада – 252,1 мың және ауыларда-281,9 мың адамды құрады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz