Петропавл ботаникалық бағында інжір ағашынан өнім жиналуда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасай отырып.
Жылыжай жұмысшылары 30-дан астам інжір гүлін жинап, бұны теңдессіз жайт деп отыр. Өйткені елдің солтүстігінде субтропикалық өсімдіктің өнім беруі сирек. Інжір ежелгі мәдениеттердің бірі болып саналады. Оның жемістері дәрумендерге, макро және микроэлементтерге бай. Сонымен қатар, жемістердің пайдалы қасиеттері дәстүрлі медицинада інжірді кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.
— Інжір жапырақтары да пайдалы. Ал піспеген жемістерді жеуге болмайды. Өйткені олар теріге тиген кезде аллергиялық реакция немесе тітіркенуді тудыратын сүт шығарады, — дейді ботаникалық бақтың көгалдандырушысы Анна Ляшенко.
Фото : Ботаникалық.garden.sko Instagram аккаунтынан