СҚО-да биыл шілде айында қанттың бағасы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 80% — ға шарықтаған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Петропавл тұрғындары қанттың бағасы 800-900 теңгеге дейін өскеніне байланысты бірнеше рет шағымданды. Облыс әкімдігі болса, қанттың бағасы 500 теңгеден аспайтынын мәлімдеген.
Ұлттық статистика бюросы департаментінің ақпараты бойынша, бір жыл ішінде өңірде ұнның да бағасы 40% — ға өскен. Сүт өнімдері 20% — ға, көкөністер 24% — ға өссе, жалпы азық-түлік тауарлары тобы бойынша бағаның өсуі 20% — ды құрады. Сондай-ақ жарма, тоқаш және кондитерлік өнімдер, макарон, жемістер 30 пайызға қымбаттаған.
Азық — түлік емес тауарлар 14% — ға және ақылы қызметтер 8% — ға дейін өссе, жуу және тазалау құралдары, құрылыс материалдары, киім және аяқ киім, фармацевтикалық өнім, тұрмыстық техника-барлығы да шарықтау шегіне жеткен. Мейрамхана мен сұлулық салонына бару орташа есеппен 20% -ға қымбаттаса, тұрғын үйді жалдау 16% — ға өскен.
Ашық көздерден алынған фотосурет