Петропавлда мәдениет үйінің құлаған шатыры жөнделуде

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда ақпан айында құлаған қалалық мәдениет үйінің шатыры жөнделуде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Мәдениет үйінің шатырын жөндеу жұмыстары басталғаны туралы жақында тағайындалған Петропавл қаласының әкімі Руслан Аңбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Оның айтуынша, ескі шатыр бөлшектелгеннен кейін негізгі құрылыс жұмыстары басталады. Олар осы жылдың 1 желтоқсанына дейін аяқталады деп күтілуде. Құрылыс жұмыстарын мердігер жергілікті «Доломит» ЖШС компаниясы жүргізеді.

Көрермендер залының үстіндегі төбелер мен тірек арқалықтар биыл ақпан айында құлады. Мәдениет басқармасы мамандарының айтуынша, техникалық тексеру кезінде концерт залының үстіндегі шатырдың апатты жағдайы туралы қорытынды осыдан 1 жыл бұрын берілген екен. Шатыр құлағаннан кейін мемлекеттік органдар күрделі жөндеу жүргізу үшін қаражат бөлу туралы мәслихаттың кезекті сессиясына өтініш берді.

Абырой болғанда, оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Мәдениет үйінде жұмыс істеген барлық 27 шығармашылық ұжым дайындық жұмыстарын жалғастыру үшін басқа ғимараттарды жалға алған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz