СҚО мектептеріне өңірдің танымал тұрғындарының есімдері беріледі

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да екі ауылдық мектеп пен кітапханаға мәдени және әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосқан өңір тумаларының есімдерін беру ұсынылуда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Тиісті қаулы жобасы ашық нормативтік-құқықтық актілер сайтында пайда болды. Құжатқа сәйкес, Шал ақын ауданындағы қазақ орта мектебіне мемлекет және қоғам қайраткері, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, облыстың Құрметті азаматы Кәкімбек Салықовтың есімі берілсе, Жамбыл ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесіне белгілі жерлесіміз, жазушы Сафуан Шаймерденовтің есімін беру ұсынылуда.

Ал, Қызылжар ауданындағы Новоникольск орта мектебіне Новоникольское ауылын қайта жандандырып, ауыл шаруашылығын дамытқан Геннадий Зенченконың есімі беріледі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz