СҚО-да күн суытады

Авторы: Qyzyljar News

Синоптиктер 2022 жылғы 16-18 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Республика бойынша ауа температурасы айтарлықтай төмендейді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклонның ықпалында болады, алдағы тәуліктер жауын-шашынсыз, аптаның ортасына қарай температуралық фон біртіндеп төмендейді.

«Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында және орталығында түнде және таңертең күн суытады. Синоптиктердің мәліметінше, 17-18 тамызда еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінің ауа-райы солтүстік циклонның шұңқырына ұласып, күн күркіреп, екпінді жел соғады. Солтүстіктегі температура түнде + 2 — +7 °С, күндіз + 12 -+17°С аралығында болады деп болжануда.

Ашық көздерден алынған сурет

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz