Алаяқтарға сеніп қалған солтүстікқазақстандық 15 миллион теңгесінен айырылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі
Облыстағы ауыл шаруашылығы құрылымдарының бірінің басшысы полицияға интернет-алаяқтық туралы арызбен жүгінді. 2 тамыз күні банктің қауіпсіздік қызметінің қызметкері атынан белгісіз біреу қоңырау шалып, оның атына біреулердің ірі көлемде несие ресімдеуге әрекет жасап жатқаны туралы және бұған жол бермеу үшін барлық қаражатты «қауіпсіз шотқа» аудару қажеттігі туралы айтқан. Алаяқтарға сенген жәбірленуші өзінің депозитінен 15 миллион теңгені алып, олардың көрсеткен шотына аударған.
Кейін жәбірленуші полицейлерге алдаудың осы тәсілі туралы естігенін айтқан. Алаяқтар кәсіби терминдерді қолдана отыра сауатты сөйлеп, әбден сеніміне кірген.
— Полиция қызметкерлері халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Басты кеңес ретінде «банктен қоңырау шалғандарға» сенбеңіздер, тұтқаны қоя салыңыздар. Егерде өз қаражатыңызға қатысты күмәніңіз болса, банк бөлімшесіне барыңыз. Өтіріктің бетін ашу үшін қылмыскерлер өзін таныстырған кезде атаған ұйымға ресми нөмірлері бойынша хабарласыңыздар. Өзіңіздің жеке және қаржы туралы мәліметтеріңізді бермеңіздер, парольді, sms бойынша келген cvv- және пин-кодты ешкімге айтпаңыздар,- деді СҚО ПД бастығының орынбасары Руслан Назаров.
Солтүстік Қазақстан облысында 7 айда «банктен қоңырау» тәсілі бойынша 127 кибер-қылмыс тіркелген.