СҚО-да туберкулезбен ауырғандар саны 35% — ға өскен

Авторы: Qyzyljar News

СҚО бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Татьяна Горлова жыл басынан бері 102 жаңа жағдай анықталғанын айтты, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26-ға көп, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Биылғы жылы профилактикалық тексерулер кезінде сырқаттанғандардың көбейгені анықталды. Есіл, Тайынша, Айыртау және Қызылжар аудандарында науқастар саны артқан.

Татьяна Горлованың айтуынша, өкпе туберкулезінің асқынған түрлерімен ауыратын науқастар инфекцияның негізгі резервуары болып табылады және оларды оңалту нәтижелері эпидемияға қарсы іс-шаралар тиімділігінің маңызды көрсеткіштерінің бір.

— Туберкулезді ерте диагностикалау сәтті емдеудің кепілі. Қауыпты топты флюорографиялық тексеру жоспары 89,5% — ға орындалды. Өңірдегі эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына әсер ететін негізгі факторлардың бірі туберкулезбен ауыратын науқастарды әлеуметтік тұрғыдан қолдау. Тәжірибе көрсеткендей, науқастарды әлеуметтік қолдаудың жеткіліксіздігі отбасындағы байланыста болған адамдардың ауруына, емделу перспективаларының төмендеуіне және науқаста аурудың қайталануына әкеледі. Пациенттердің едәуір бөлігі жұмыссыздар. Жарты жыл ішінде 290 науқас 15,6 млн теңгеге әлеуметтік көмек алды, — деп хабарлады Татьяна Горлова.

Сондай-ақ ол 18 жасқа дейінгі балалар арасында аурудың төмендегенін жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz