СҚО полицейлері автожолдарға 397 тексеру жүргізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде Петропавлдағы Қожаберген-жырау – Жамбыл көшелерінің жолайрығындағы жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселесі көтерілуде. СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасы аталған учаскеге қосымша тексеру өткізіп, полицейлер оқиға орнында жүргізушілермен және велосипедшілермен профилактикалық жұмыс жүргізді.
Қарбалас уақытта екі дөңгелекті көлік жүргізушілері ерекше қауіп аймағында болады. Мотоцикл мен скутердің жылдамдығы шектеулі болуы мен адамдардың жарық шағылатын киімдерінің болмауына байланысты автокөлік жүргізушілер оларды бірден байқамайды. Сондықтан жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, жол белгілерінің талаптарын орындау кезінде де жол — көлік оқиғаларының қаупі едәуір артады.
— Қожаберген-жырау-Жамбыл көшелерінің жолайрығы қозғалыс қарқыны жоғары учаске болып табылады. Автокөліктермен бірге күн сайын жүздеген велосипедшілер, скутер жүргізушілері өтеді. Полицейлер оларға ережелерді қатаң сақтауға шақырады– дейді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.
«Қауіпсіз жол» республикалық айлығы шеңберінде әкімшілік полиция қызметкерлері 800 шақырымнан астам жол мен көшелерге 397 тексеру жүргізді, оның барысында жол қозғалысы қауіпсіздігіне кері әсер ететін 294 ақау анықталды. Анықталған кемшіліктерді жою бойынша 212 ұйғарым беріліп, олар бойынша жолдарды күтіп ұстауға жауапты 21 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.