«Қазгидромет» РМК қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облысындағы бидай шығымының болжамын жариялады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
— Алынған деректерге сәйкес агрометеорологиялық жағдайды ескере отырып, республиканың солтүстік бөлігінде жаздық бидайдың өнімділігі 2022 жылы негізінен орташа көпжылдық мөлшерге жуық болады деп күтілуде. Жамбыл, Қызылжар және Аққайың аудандарында бидайдың өнімділігі нормадан жоғары болады, — делінген «Қазгидромет»РМК хабарламасында.