СҚО-да «Саламатты Қазақстан» мамандандырылған медициналық пойызы жұмысын бастады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Мобильді аурухана» деп аталған медициналық пойыз СҚО-дағы Еркіншілік станциясында 17-18 тамыз аралығында тұрғындарды қабылдауды бастайды. Содан кейін Дәуіт станциясына 26-27 тамыз, Талшық станциясына 28-29 тамыз, Қарағай станциясында 1-2 қыркүйек, бірінші Целинная станциясына 3-4 қыркүйек, Қайранкөл станциясына 7-8 қыркүйек аралығында барады.
Бұған дейін, 31 шілде мен 16 тамыз аралығында медициналық пойыз Павлодар облысына барып, 9 станцияның тұрғындарын қабылдады. Облыста болған екі апта ішінде консультативтік-диагностикалық пойыз мамандары 1592 тұрғынды, оның ішінде 273 бала, 1319 ересек адамды тексерді, ал дәрігерлік келушілердің жалпы саны – 1592 құрады.
— Біз медициналық пойыз дәрігерлеріне шексіз ризамыз. Жастар мен қарт адамдарды түрлі мамандар тексерді. Жалпы, дәрігерлерге бүгін біздің шағын кентімізге келіп, тиісті ем жазып, тексергені үшін алғысымды білдіремін, – дейді ауыл тұрғыны Гүлжанат Тулкина.
Ақмола облысы мен СҚО-ға сапарынан кейін медициналық пойыз Қостанай, Қарағанды, Ұлытау облыстарының станциялары бойынша өз жолын жалғастырады. Қозғалыс кестесі бар нақты ақпарат жобаның www.medpoezd.kz ресми сайтында қол жетімді.
Жоба «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қаржылық қолдауының арқасында мүмкін болды және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қатысуымен «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Қазақстан Темір Жолы» ҰК АҚ жанындағы «әлеуметтік жобалар қоры» Корпоративтік қорымен бірлесіп іске асырылуда.
Фото Qyzyljarnews.kz / Талғат Тәнібаев