Қазақстанда кеңсе тауарлары 12% — ға қымбаттады

Авторы: Qyzyljar News

Ағымдағы жылдың шілде айында кеңсе тауарларының бағасы бір жылда 12,3% — ға өсіп, бірқатар өңірлерде бағаның өсуі 30% — дан асты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Еnergyprom.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Өңірлер бойынша Түркістан облысында 50,1% — ға, Атырау 31,1%-ға, Ақмола 14,7%-ға және Алматыда облыстарында 14,5%-ға айтарлықтай өскен. Ал бағаның ең төменгі жылдық өсуі (1,2%) Жамбыл облысында тіркелді.

Сурет салуға арналған альбомдардың бағасы бір жылда 14,1% — ға өссе, шарикті қаламдардың құны 13,2% — ға, түсті қарындаштар жиынтығы — 12,1% — ға, дәптерлер-12% — ға, А4 форматындағы қағаз-10,6% — ға қымбаттады.
Жалпы, ағымдағы жылдың шілде айында білім беру қызметтерінің бағасы 11,5% — ға өсті. Оның ішінде мектепке дейінгі білім беру қызметтері бір жылда 7,1% — ға, орта білім беру — 6,8% — ға, кәсіптік орта білім беру — 11,7% — ға, жоғары білім беру-17,7% — ға, ересектерге арналған білім беру-10,7% — ға жоғарылаған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz