Ұлттық гвардия академиясының курсанттары ғылыми жұмыста байқауында жеңімпаз атанды

Авторы: Qyzyljar News

2022 жылғы 10-30 шілде аралығында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жоғары оқу орындарының тыңдаушылары мен курсанттары арасында үздік ғылыми жұмыс конкурсы өткізілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Аталған байқауға Ұлттық ұлан академиясының курсанттары Дастан Тұңғышбаев, Бақберген Мұхамедов, Әли Махамадалиев, Серікбол Оңдасын, Асау Тілағанов және Ерсін Серікбек қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша Дастан Тұңғышбаев пен Бақберген Мұхамедов «Киберқалқан» – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан академиясының киберқауіпсіздік негізі, «оқу-тәрбие үрдісіне кибер қалқан элементтерін енгізу» тақырыбындағы ғылыми жұмысын ұсынып, 1 орынды иеленсе, Әли Махамадалиев пен Серікбол Оңдасын жүлделі 3 орынды еншіледі.

Байқау жеңімпаздары Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Марат Ахметжановтың атынан грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz