Петропавлда мас жүргізуші жолаушы тасымалдаған

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда мас жүргізуші жолаушы тасымалдаған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

11 тамыз күні таңертең Петропавл қаласы ПБ патрульдік полиция қызметкерлері Абай көшесінде 30 жастағы қала тұрғынының басқаруындағы Lada-2170 автокөлігін тоқтатты. Тексеріс барысында автокөліктің салонында төрт жолаушы болғаны анықталып, мас жүргізуші олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргені расталды.
Аталған іске байланысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы бойынша материалдар жиналды. Қазіргі уақытта ұсталған адам әкімшілік қамауға алынып, көлік басқару құқығынан жеті жылға айырылды.

– 19 тамызда басталған акция барысында облыс орталығында мас күйінде 27 жүргізуші ұсталды. Алкогольді ішімдік ішкеннен кейін рөлге отыратын кейбір жүргізушілердің өзіне деген сенімділігі қайғылы жағдайға душар етуі мүмкін. Барлық автокөлік жүргізушілерін жолда жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз, — дейді Петропавл қаласы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Рүстем Садулов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz