Жарты жыл ішінде СҚО-ның жарты жылдағы сыртқы сауда айналымы 662 млн. АҚШ долларына жетіп импорт үлесі сыртқы сауда айналымының төрттен бір бөлігін ғана құрады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Экспорт құрылымында 95% немесе 480 млн. доллар өсімдік тектес ауыл шаруашылығы өнімдеріне тиесілі. Оған бидай, арпа, жасымық, бұршақ, ұн, зығыр, рапс және күнбағыс тұқымдары, өсімдік майы мен кебек кіреді.
— Импорттың негізгі үлесі, атап айтқанда 76% — ы өндірістік жабдықтарды, көлік құралдарын, ауыл шаруашылығы техникасын және олардың қосалқы бөлшектерін, тыңайтқыштар мен гербицидтерді, тірі өсімдіктерді, сондай-ақ тамақ өнімдерін өндіруге арналған шикізатты әкелуге тиесілі. 2021 жылмен салыстырғанда облыстың сыртқы сауда айналымы 49% — ға ұлғайды, оның ішінде экспорт рәсімі бойынша 51% — ға, импорт бойынша 18% — ға өсті, деп атап өтті СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Шайкенов.
Экспорт көлемінің ұлғаюы ұн мен май өнімдерін жеткізудің өсуімен болса, импорт бойынша өсім тауарларды арнайы экономикалық аймақтың аумағынан кедендік ресімдеудің басталуына байланысты екенін айта кеткен жөн.
-Тауарлар арнайы экономикалық аумағының немесе оның бір бөлігінің шегінде кедендік баждарды, салықтарды және баждардың өзге де түрлерін төлемей, тауарларды осы кедендік рәсімге орналастыру шарттарын сақтай отырып пайдаланылады. СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне ағымдағы жылы осы рәсім бойынша кедендік ресімдеуді 2 адам реттейді,- дейді СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Шайкенов.