СҚО-да 350-ден астам ата-ана балаларын профилактикалық вакцинациялауға қарсы деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Татьяна Горлованың айтуынша, ата-аналары вакцинациядан бас тартқан 18 жасқа дейінгі балаларды жеке есепке алу жүргізіледі.
Екпе егуден бас тартқандардың ең көбі Петропавлда – 129, Тайынша ауданында — 57, Уәлиханов ауданында–49, Қызылжар ауданында – 34 және Айыртау ауданында-29 адамды құрады.
— Екінші тоқсанда санитариялық-ағарту жұмыстары барысында профилактикалық егулердің маңыздылығы туралы бұрын бас тартқандардың ішінен 129 адам егілді. Екпе егуден бас тарту бойынша Айыртау, Жамбыл, Қызылжар, М. Жұмабаев, Тайынша, Уәлиханов аудандарының тұрғындары көш бастап тұр. Бас тартудың негізгі себептері вакциналарға сенімсіздік пен БАҚ-тағы жағымсыз ақпарат,- дейді Татьяна Горлова.