Қазақстанда оқу жылының мерзімі екі аптаға ұзартылып, оқушылардың демалыс күндері қысқартылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жаңа 2022-2023 оқу жылы дәстүр бойынша 1 қыркүйекте басталып, 1-сыныптарда оқу жылының ұзақтығы 35 оқу аптасын, 2-11 (12) – сыныптарда 36 оқу аптасын құрайды.
Жаңа оқу жылы ішіндегі демалыс күндері:
1-11 (12) сыныптарда:
-күзгі — 7 күн (2022 жылғы 31 қазаннан бастап 6 қарашаға дейін);
-қысқы — 9 күн (2022 жылғы 31 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 8 қаңтарға дейін);
-көктемгі -9 күн (2023 жылғы 18-26 наурызға дейін).
1 – сыныптарда қосымша 7 күн демалыс белгіленген (2023 жылғы 6-12 ақпанға дейін).