СҚО-да алғаш рет мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілерін ротациялау жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Білім басқармасының басшысы Нәзір Жәшібеков әкімдік отырысында жазғы уақытта орта мектептердің тоғыз директорын және мектепке дейінгі мекемелердің 11 меңгерушісі ауыстырылғанын хабарлады.
— Биылдан бастап білім беру мекемелеріне педагогтарды қабылдау шағын жинақты мектептерден басқа, конкурстық негізде жүргізіледі. Байқауға қатысу үшін педагогикалық қызметке алғаш рет кіріскен және қайта бастаған тұлғалар міндетті түрде ұлттық біліктілік тестілеуден өтуі тиіс, — деді Нәзір Жашибеков.
Ол биылғы жылы мектеп бағдарламасында өзгерістер болғанын атап өтті.
— 1 қыркүйектен бастап барлық сыныптарда «өзін-өзі тану» пәні алынып тасталды. Қазақ тілінде оқытатын мектептерде 1-сыныптан бастап тек қазақ тілін, орыс тілінде оқытатын мектептерде — қазақ және орыс тілдерін оқытатын болады. Қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілін оқыту 2-сыныптан басталады деп жоспарлануда. Ағылшын тілі-тек 3-сыныптан бастап қазақ және орыс тілді мектептерінде оқытылады. Тілдер мен өзін — өзі тану сағаттары басқа пәндерді оқуға берілетін болады, — деді Нәзір Жәшібеков.
Айта кету керек, мектептердегі оқу жылы 31 мамырға дейін болса, жазғы демалыстың ұзақтығы тура үш айды құрап, 1 маусымнан 31 тамызға дейін жалғасады.
Фото: ашық дереккөздерден.