СҚО криминалистері жыл басынан бері 2 мыңнан астам зерттеу жүргізді

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысында криминалистердің көмегімен биыл 200-ге жуық қылмыс ашылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері осы сала мамандары 1426 рет оқиға орнына шығып, 3 мыңға жуық қол және 500-ден астам трасологиялық, яғни аяқ киім, көлік құралы, бұзу және тағы басқа құралдардың іздерін алды. Сонымен қатар, 157 биологиялық із, 92 иіс және 123 микробөлшек алған. Бұдан басқа, аумақ бөліністерінің тапсырмалары бойынша зерттеулер жүргізеді. Айта кететіні, әр алынған оқ-қару криминалистердің зерттеуіне түседі.

-Криминалистер жұмысының маңызды бөлігі оқиға орнынан айғақ заттарды жинаудан және зерттеуден тұрады. Кей кездері белгілі бір қиыншылықтар туындап жатады. Мәселен тиісті жағдайда сақталмаған ескі қаруды атып көру барысында үлгі жарылмас үшін қосымша қауіпсіздік шараларын қолданып, қашықтықтан атуға тура келеді. Зерттеуге ұсынылған үлгілердің қандай атыс қаруына жататыны анықталып, атуға жарамдылығы, маркасы, калибрі, серия нөмірі белгіленеді, кейін Қазақстан Республикасы ІІМ криминалдық есептері бойынша тексеріледі, — дейді СҚО ПД жедел-криминалистикалық басқармасы бастығының орынбасары Евгений Богачев.

Жыл басынан облыс криминалистері 2,1 мыңнан астам түрлі зерттеулер жүргізді. Әдетте бұл мамандардың жұмыстарының нәтижесі сотқа дейінгі тергеу барысында маңызды роль атқарады, күдіктінің іске қатысын растайды не теріске шығарады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz