СҚО тұрғыны этноауыл ашты

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Аман Әлменов қаладан туған ауылы Өрнекке оралып, этноауыл ашты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Есіл ауданы Өрнек ауылында табиғат аясында демалуды ұнататындарға арналған этноауыл жұмыс істеуде. Кәсіпті осы ауылдың тумасы Аман Әлменов ашқан. Әзірге қонақтарды қабылдайтын екі киіз үйі ғана бар кәсіпкер болашақта ісін кеңейтпек.

-Ауылдан ешқайда кетпес едім, әскерден келгесін жұмысқа орналаса алмадым. 2000 жылдар болатын. Содан қалаға кетуге мәжбүр болдық. Онда техникалық қызмет көрсету орталығына аула сыпырушы болып жұмысқа тұрдым. Кейін Бескөл елді мекенінде жеке техникалық қызмет көрсету орталығымды аштым. Осы кәсіпте 20 жылдай еңбек етіп келемін. Бірақ, менің ойымнан осы жылдар бойы туған ауылым – Өрнегім кеткен емес. Табиғаты керемет қой, осыны пайдаланып, іс бастағым келді, — дейді Аман Әлменов.

2018 жылы ол «Бастау бизнес» бағдарламасына қатысып, сол жерде бизнес-жаттықтырушылармен сөйлесе отырып, кәсіп ашу бойынша ақыл кеңестерін тыңдағанын айтады.

— Жалпы, бастаған ісімді әрі қарай дамытқым келеді. Келесі жылы тағы да киіз үйлер әкеліп құрып, санын онға жеткізгім келеді. Жұмысқа аспаздарды алу жоспарда бар. Демалуға келе жатқандар адамдар оларға алдын ала хабарласып, тамаққа тапсырыс беріп қоя алады. Қысқы демалыс орнын да ашқым келеді. Қазір түрлі жаңа технологиямен салынған жылы үйлер бар. Қыста оны Есілдің жағасына қойып, қысқы балық аулауды ұйымдастыруға болады. Адамдар таза ауада дем алып, шаңғы теуіп, атпен серуендей алатын еді», — дейді кәсіпкер Аман Әлменов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz