Петропавлда қайырымдылық марафоны өтті

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда жаңа оқу жылы қарсаңында әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға материалдық көмек көрсетуге арналған «Жаңа білім жолы» атты қайрымдылық марафоны өтті деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Борки кентіндегі шаңғы-роллерлік базасында өткен қайырымдылық марафонына мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, спортшылар мен қоғам белсенділері қатысты. Сауабы мол шараны облыстың іскер әйелдер қауымдастығы ішкі саясат және спорт басқармаларының қолдауымен ұйымдастырды. «Жаңа білім жолы» акциясы балаларын жаңа оқу жылына қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ете алмайтын жандарға үлкен қолғабыс болатынын айта кеткен жөн.

– Қайырымдылық марафонға қатысам деушілер қалталарынан қаражат шығарып, өз көмектерін аямады. Игі іс-шараға 200-ге тарта адам қатысты. Енді жиналған қаржыны әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға үлестіреміз. Бұл ақшаға көпбалалы ата-аналар өз балғындарына кеңсе тауарлары мен мектеп формасын сатып ала алады, – деді облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Сәуле Сүлейменова.

Марафон қатысушыларды бір шақырымды құрайтын жолды жүгіріп өтіп, барлықтарына сертификаттар табысталды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz