«Қызыл-Жар» үш ұпай жоғалтты

Авторы: Qyzyljar News

Футболдан ел біріншілігінің 13-ші туры аясында «Qyzyljar» клубы «Астана» командасымен ойнады. «Астана арена» стадионында өткен кездесу елордалық аяқдопшылардың пайдасына шешілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бірінші таймнан бастап алаң қожайындары «Астана» клубы ойын тізгінін өз қолына алды. Нәтиже де көп күттірмеді. Ойынның 10-шы минутында елордалық шабуылшы Педро Эуженио есеп ашты. Кейін жерлестеріміз таразы басын теңестіруге тырысқанымен, қарсылас қақпасынан саңлау таба алмады. Бірде алыстан бағытталған соққыларға қарсылас командасының қақпашысы дайын болса, енді бірде қырағы қорғаушылардың шеберлігі көз сүйсіндірді. Ойынның екінші бөлімінде де солтүстікқазақстандықтар барын салды. Алайда есеп өзгеріссіз қалып, солтүстікқазақстандық аяқдопшылар ел біріншілігінде кезекті жеңіліске ұшырады.

Қазіргі уақытта 15 ұпай жинаған «Qyzyljar» клубы турнир кестесінде 12-ші орында тұр. Ал көш басына «Ақтөбе» командасы шықса, елордалықтар екінші сатыға жайғасты

Ашық көздерден алынған фотосуреттер

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz