Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы «жасыл» аймақта орналасқан, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыста бір тәулік ішінде 13 адамның коронавирус жұқтырғаны расталды. Өткен тәулікте: Петропавл қаласында-2, Тимирязев ауданында – 3, Мамлют ауданында-4 , Қызылжар ауданында — 4 адамның ауырғаны анықталды.
Соңғы 2 апта аралығында облыста 670 жағдай тіркелгенін айта кеткен жөн. Бұл осыған ұқсас кезеңмен салыстырғанда науқастардың 498-ден 670-ке дейін яғни, 1,3 есе өскендігі байқалады. СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандары вирустан сақтанудың ең тиімді жолы вакцина қойдыру екенін еске салады.