Петропавлда облыстық семинар өтті

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлдағы психикалық денсаулық орталығында өңір тұрғындарына психиатриялық көмек көрсетудің өзекті мәселелері бойынша облыстық семинар өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Семинарға бас дәрігерлермен облыстық медициналық ұйымдардын психиатр-нарколог мамандары қатысты. Психикалық денсаулық орталығына соңғы жылдары жас кадрлар тартылған. 2020 жылы аймақта бір ғана балалар психиатры болса, бүгінде олардың саны 7-ге жетті.

– Жалпы, СҚО-да психикалық денсаулық бойынша көрсетілетін қызметтің дамуы байқалады. Соңғы жылдары орталықтар жас мамандармен толығып, ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін қызметтердің барлық спектрі көрсетілетін бөлімдер ашылды. Біздің негізгі міндетіміз — алғашқы санитарлық көмек көрсететін дәрігерлермен тәжірбие алмасу, өйткені тұрғындар көп жағдайда психикалық денсаулығы бойынша санитарлық көмек көрсететін дәрігерлерге жүгінеді,- дейді Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Қуаныш Алтынбеков.

СҚО-да “медициналық-әлеуметтік оңалту” бағдарламасы жұмыс істейді. 2022 жылғы 1 сәуірден бастап психикалық денсаулық орталығында психобелсенді заттарға тәуелді адамдар үшін 20 -орынға арналған бөлімше ашылды. Жалпы өңірде мұндай сырқаттардың саны 500-ден асады.

– Медициналық-әлеуметтік оңалту бағдарламасы аясында психобелсенді заттарға тәуелді адамдар үшін қосымша тағы 20 орын ашуды жоспралап отырмыз. Ол Жамбыл ауданы Благовещенкада болады. Бізде менталды ауытқулары бар, аутизмге шалдыққан балаларға көп көңіл бөлінеді. Олар арнайы психолог, дефектолог мамандардың көмегін алады. Сонымен қатар, аутизмді 1,5 -3 жас аралығында ерте анқытау үшін скринингтер жүргіземіз,- дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Құмар Күсемісов.

Іс – шараның негізгі мақсаты медициналық ұйымдардағы психиатр-нарколог мамандардың кәсіби біліктілігін шыңдау.

Pixels иллюстрациялық суреті

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz