Өткен тәулікте елімізде 328 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.
Өткен тәулікте Нұр-Сұлтан қаласында — 70, Алматы қаласында — 40, Шымкент қаласында – 2, Ақмола облысында – 23, Ақтөбе облысында – 8, Алматы облысында — 6, Жетісу облысында — 10, Атырау облысында — 6, Шығыс Қазақстан облысында — 9, Абай облысында — 2, Жамбыл облысында — 4, Батыс Қазақстан облысында — 26, Қарағанды облысында — 74, Ұлытау облысында — 1, Қостанай облысында — 20, Қызылорда облысында — 0, Маңғыстау облысында — 12, Павлодар облысында — 12, Солтүстік Қазақстан облысында — 2, Түркістан облысында – 1 адамның ауырғаны расталды.
Жалпы пандемия басталғалы Қазақстанда 1 384 355 адам ауырды