Петропавлда 18 тонна алкоголь тәркіленді

Авторы: Qyzyljar News

Петропавл полицейлері жыл басынан 18 тонна алкоголь өнімін тәркіледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавл қаласы дүкендерінің бірінде 21 жасқа толмаған сатып алушыға алкоголь сату фактісі анықталды. Аталған заңбұзушылыққа сәйкес полицейлер Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 200-бабы 1-бөлігі бойынша материал жинап, соттың қаулысымен дүкен иесіне 122 мың 520 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

-21 жасқа толмаған тұлғаға спирттік ішімдік сатуға тыйым салынады. Күшті алкогольдік ішімдіктерді сағат 21-ден кейін сатуға рұқсат етілмейтінін еске саламыз. Жалпы жыл басынан облыс орталығында осындай 23 факті анықталды. Алкогольді шамадан тыс пайдалану жанжалға, бұзақылыққа, дене жарақаттарын келтіру мен басқа да заң бұзушылыққа әкелетінін естен шығармаған жөн. Қаңтар айынан бастап қалада тиісті лицензиясыз спирттік ішімдік сатқаны үшін 55 адам жауапкершілікке тартылды,- -дейді Петропавл қаласы ПБ ЖПҚ бөлімінің бастығы Рустам Садулов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz