ҚАЗАҚСТАНДА 3,3 МЛН. ТОННА АСТЫҚ БАСТЫРЫЛДЫ

Авторы: Qyzyljar News

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында Қазақстанда егін жинау жұмыстарын туралы баяндады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

-Ағымдағы жылдың қолайлы жағдайлары егін жинау жұмыстарын уақытында бастауға мүмкіндік берді. Бүгінде республика бойынша барлығы 2,2 млн.га дәнді және дәнді — бұршақты дақылдар жиналды. Орташа өнімділік 14,6 ц/га болған кезде 3,3 млн.тонна астық бастырылды. Жаппай егін жинау республиканың барлық өңірлерінде басталғанын атап өту қажет, — деді Ербол Қарашөкеев.

Министрлік биыл 18,3 млн.тонна дәнді дақыл, оның ішінде — 13,4 млн. тоннадан астам бидай қамбаға құйылады деп болжап отыр.

Айта кетейік, 2021 жылғы есепті кезеңде орташа өнімділік 9,1 ц/га болған кезде 2,3 млн.тонна немесе 29% — ға кем бастырылды.

фото: /МСХ РК
/Пресс-центр

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz