СҚО-да орман шаруашылығына 40-тан астам қызметкер керек

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысының орман шаруашылықтарында маман тапшы. Негізінен инженерлер, қорықшылар, орман шеберлері және орманшы-инспекторлар сияқты 40-тан астам маманның орны бос тұр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО-ның орман шаруашылықтарында қазіргі уақытта 600-ге жуық адам еңбек етеді. Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының ведомстволық мекемелеріне 40-тан астам маман қажет.

-Мамандарды жұмысқа тарту үшін басқармада кешенді іс-шаралар қолға алынған. Орманшы кәсібінің мәртебесін арттырып, жастарды орман саласына тарту үшін оқу орындарында және кәсіпорындарда болашақ мамандармен кездесулер өткізіліп тұрады. Оқу орындарымен келісім аясында өндірістік тәжірибелер өткізіледі. Мекеме өкілдері үнемі бос орындар жәрмеңкесіне қатысады, — дейді СҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының статистигі Сәуле Сүлейменова.

Маманның айтуынша, қазіргі уақытта орман мекемелері қажетті техникамен де, қондырғылармен де толық қамтылған.

-Қазір орман шаруашылықтарындағы мамандардың орта жасы – 50. Сондықтан бізге ертең олардың орнын басатын жас мамандар керек. Жұмысқа келген жастарды тәжірибелі, еңбек өтілі жоғары тәлімгердің қарамағына бекітеміз. Ол бар білгенін үйретеді, — дейді Сәуле Сүлейменова.

Қазинформ сайтынан алынған фотосурет

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz