Петропавлда есірткі сатқан екі адам сотталды

Авторы: Qyzyljar News

Есірткі өндіргені, жарнамалап сатқаны үшін екі петропавлдық сотталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавлдық полицейлер қаңтар айында есірткі өндіріп, жарнамалап сатқаны үшін 21 және 22 жастағы қала тұрғындарын ұстаған болатын. Қылмыскерлердің үйін тінту барысында пәтерден есірткі жасауға арналған құралдар және 1,18 грам синтетикалық каннабиноид алынды. Бұдан бөлек, олардың көрсеткен жерлерінде 12 есірткі сақтайтын орын табылды, ол жерден өсімдік тектес зат салынған «түйіншектер» тәркіленді. Сараптама көрсеткендей, алынған зат «спайс» атауымен белгілі, салмағы 4,81 грамм есірткі екені анықталды. Аталған қылмыс бойынша олар 6 және 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

-Сотталғандар «спайс» қоспасын дайындаумен айналысқаны, оны заңсыз сақтап, өздері ашқан интернет-дүкен арқылы сатқаны белгілі болды. Бұдан бөлек, олардың біреуі синтетикалық есірткіні және «Telegram» мессенджеріндегі интернет-дүкенді жарнамалаумен айналысқан. Абырой болғанда, олар өздерінің арам әрекетіне көпшілікті тартып үлгермеген. Олар өздерінің қылмыстық әрекетін екі аптадай жүзеге асырғаннан кейін ұсталған,- дейді СҚО полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Иван Терзиди.

Биыл 7 айда СҚО-да 46 есірткі сату фактісі тіркелді. Заңсыз айналымнан 333 келі түрлі есірткі заты алынған, оның 1,5 келісі синтетикалық есірткі.

Фото: Облыстық ПД баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz