СҚО-да пленарлық отырыс өтті

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да Тамыз педагогикалық конференциясы аясында “Дарынды балалар мен талантты жастарды қолдау” атты пленарлық отырыс өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Шара барысында былтырғы жұмыстар қорытындыланып, алдағы оқу жылындағы мәселелер мен перспективалық бағыттар айқындалды. Оған өңірдің әр ауданынан жиылған сала өкілдері қатысты.

– Осы шарада біз 2022-2023 оқу жылындағы өзгерістер бойынша біраз ақпарат алдық. Сонымен қатар, алдағы оқу жылында қандай салада, қандай бағытта жұмыс жасау керек екені айтылды. Алдағы уақыта бізде профессионалдық білімді арттыру күндері болатынын айта кеткен жөн. Бұл жұмыстар мұғалімдердің кәсіби білімін шыңдауға бағытталған. Осыны ұйымдастыру мәселесі де қозғалды,- дейді “ЛОРД” дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернатының директоры Гүлжан Жақанова.

Дарынды балаларды қолдау бойынша өткен секциялық отырыстарда жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пән мұғалімдері, облыстық инновациялық және мамандандырылған мектептердің педагог-психологтар да жұмыс жүргізді.

Айта кету керек, қыркүйек айынан бастап облыстағы мектептердің барлығы 5 күндік оқуға көшеді.

Ашық көздерден алынған суреттер

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz