31 тамыз күні сағат 10:00-де Петропавл қаласындағы оқушылар сарайында Әділет министрі Қанат Мусиннің СҚО тұрғындарымен кездесу өткізеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Іс-шараға белсенділер, қоғамдық кеңес мүшелері, сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысады.
— Құрметті Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары, 31 тамыз күні сағат 14: 30-да оқушылар сарайында Қазақстан Республикасы Әділет министрі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Жеке қабылдауға жазылу ағымдағы жылғы 26 тамызда сағат 16.00 — ге дейін СҚО Әділет департаментінің 33-37-32, 87071955225 телефон нөмірлері бойынша жүзеге асырылады,- делінген ведомствоның баспасөз қызметінің хабарламасында.
Азаматтардан сұрақтар мен ұсыныстар жинау d.khruscheva@adilet.gov.kz электрондық пошта мекенжайы бойынша қабылданады.