СҚО полицейлері жыл басынан бері із-түзсіз жоғалған 300-ден астам адамды тапты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жоғалудың әр фактісі бойынша өткізілетін іздестіру іс-шараларына полицияның барлық сыртқы қызметтері қатысады. Еріктілер әлеуметтік желілерде ақпарат орналастырып, белсенді түрде көмек көрсетеді.
-Есінен айырылған адамдардың туыстары оларға кәмелетке толмағандардай қарау керек. Олардың ұялы телефондары үнемі қуаттандырылған күйде тұрғанын қадағалау керек. Егер де сіздің туысыңыз немесе балаңыз өзінің мекенжайын айта алатына сенімді болмасаңыз, оның қалтасына адамның аты-жөнін және өзіңіздің байланыс нөмірлері жазылған хатты салып беріңіз,- дейді Петропавл қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы Дархан Зияфиддин.
Жыл басынан СҚО-да полицейлер із-түзсіз жоғалғандар туралы 309 хабарлама тіркеген, бүгінде 305-інің жүрген жері анықталды.