Петропавлда тұрғын үйдің шаршы метрі 300 мың теңгеден асты

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлдағы тұрғын үйдің бір шаршы метрінің орташа құны 317,5 мың теңгені құрайды. Бұл өткен жылдың көрсеткішінен 14% — ға артық, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Инвестициялық форумда облыс әкімінің орынбасары Сәтжан Аблалиев тұрғын үй бағасы мен салынып жатқан үйлер туралы мәліметтерді келтірді. Оның айтуынша, ауылдан қалаға қоныс аударушылар көбейді. 2019 жылдан бастап Петропавлға жеті мыңнан астам адам көшіп келген.

— Қала халқы санының артуы жаңа тұрғын үй салу қажеттілігін туындатады. Кезекте 20 мыңнан астам азамат тұр, олардың 15 мыңы Петропавлда. Облыс бойынша «Отбасы банкі» салымшыларының саны 51 мың адамнан асады. Екі жыл ішінде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша мыңнан астам пәтер сатылды, — деп хабарлады Сәтжан Аблалиев.

Жыл соңына дейін 46 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі. Оның 22 – сі бюджет қаражаты есебінен салынса, қалғаны-коммерциялық тұрғын үйлер.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz