Бүгінгі таңда есірткіге тәуелді пациенттерді үш кезеңді оңалту Қазақстанның 7 өңірінде жұмыс істейді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бөлімшелер Ақмола, Қостанай, Павлодар, Түркістан, Ақтөбе облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында бар. Барлық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетіледі.
— Қазан айында бөлім Солтүстік Қазақстан облысының психикалық денсаулық орталығында ашылады. Жыл соңына дейін басқа өңірлерде осындай бөлімшелер ашу жоспарланған, — деді Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының директоры Қуаныш Алтынбеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.
Оның айтуынша, медициналық-әлеуметтік оңалту бағдарламасы үш кезеңнен тұрады. Оның аясында науқастарға есірткіге тәуелділіктен арылуға, әлеуметтік дағдыларды қалпына келтіруге көмек беріліп, жеке қасиеттерді дамытуға бағытталған медициналық және әлеуметтік іс-шаралар өткізіледі. Аталған оңалту орталықтарында бұған дейін өздері тәуелді болған, осы жағдайдан шыққан және өз тәжірибесіне сүйене отырып, пациенттердің сауығуына көмектесе алатын адамдар жұмыс істей алады.
Pixels иллюстрациялық суреті