СҚО-да астық қоймаларын күзету күшейтілді

Авторы: Qyzyljar News

СҚО полицейлері аграрийлерге астық жинау науқаны кезеңінде өз мүліктерін қорғауға көмектесуде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

20 тамыздан бастап СҚО полицейлері «Астық» жедел-профилактикалық іс-шарасы режімінде жұмыс істеуде. Оның мақсаты – астық жинау науқаны кезеңінде астық өнімдерін, жанар-жағармай, гербицид мен ауыл шаруашылық техникасының қосалқы бөлшектерін ұрлау фактілерін анықтау мен жолын кесу. Осыған орай криминалдық полицияның тәжірибелі қызметкерлері, учаскелік инспекторлар, патрульдік полицейлерден құралған мобильді топ жұмыс істейді.

Олардың қадағалауына алқаптар, элеваторларды маңы, қырмандар мен ауыл шаруашылығы нысандары алынды. Бүгінде облысымызда аталған объектілердің саны 100-ден асады. Тәжірибе көрсеткендей, астық жинау науқаны кезінде ұрлық көбейеді.

— Көбіне маусымдық жұмыс кезінде кәсіпорын жұмысшылары жиі ұрлыққа барады. Аталған саладағы қылмыстардың талдауы тиімді қарсы іс-қимыл жүйесін құруға мүмкіндік береді. Жедел-профилактикалық жұмыстар шеңберінде жеке құрам ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге көмек көрсетуге, кәсіпорындардың басшылығымен және күзетімен тығыз байланыс жасауға бағдарланды, -дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Мадияр Харипов.

Іс-шара 10 қазанға дейін жалғасатынын айта кеткен жөн.

Фото: СҚО ПД Баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz