Қазақстанда ХҚКО мереке күндері жұмыс істемейді

Авторы: Qyzyljar News

Халыққа қызмет көрсету орталығы Конституция күнін мерекелеуге байланысты 28, 29 және 30 тамызда жұмыс істемейді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы хабарлады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

ХҚКО-ның кезекшілік уақыты облыс орталықтары мен Республикалық маңызы бар қалаларда 29 тамызда сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жалғасады.

— «Қазпочта» АҚ тарапынан жоспарланған техникалық жұмыстарға байланысты 29 тамызда кезекші ХҚКО-да мемлекеттік баждарды кассалар арқылы төлеу қолжетімсіз болады. Мемлекеттік қызметтерді банктік қосымшалар мен QR-код арқылы төлеуге болады, — деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өкілдері.

Сенбі, 27 тамыз, жұмыс күні болатынын айта кеткен жөн. Халыққа қызмет көрсету орталығы клиенттерді әдеттегі кесте бойынша қабылдайды.

Ашық көздерден алынған сурет

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz