СҚО-да ет өндірісі дамуда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Мал өсірушілердің республикалық слетінде аймақ басшысы Құмар Ақсақалов ішкі нарықты сиыр етімен қамтамасыз ету үшін 13 мың малға арналған екі ірі бордақылау алаңы іске қосылып, Еуропа елдерінен 5 мыңнан астам асыл тұқымды мал әкелінгенін хабарлады.
— Биыл Еуропа елдерінен сүт және ет бағытындағы 6 мыңға жуық мал әкелу жоспарлануда. Қазірдің өзінде 1,7 мыңнан астам асыл тұқымды мал әкелінді. Әкелінетін ірі қараның әлекеті жоғары. Біздің ауа-райымызға бейімделген- деп хабарлады Құмар Ақсақалов.
Аталған көрмеге Ауыл шарушашылығы министрі Ербол Қарашөкеев те қатысып, кейбір тұқымдардың түрлерімен танысқанын айта кеткен жөн.
— Жылына 16 мың тонна бройлер етін өндіретін үш құс фабрикасының құрылысы басталды. Екеуі қыркүйек айында іске қосылады. Құс фабрикаларының өндірісі ішкі нарыққа бағытталған, бұл өңір халқының құс етіне деген қажеттілігін толық қамтамасыз етеді. Қой шаруашылығын дамыту бағдарламасы да жүзеге асырылуда. Оны аясында 5 мың қойға арналған үш асыл тұқымды репродуктор ашылды. Жыл соңына дейін 20 мың қой сатып алу жоспарда бар, — деді Құмар Ақсақалов.
Оның айтуынша, жобаларды іске асыру өңірге ет өндірісін 105 мыңнан 135 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.